"Қырсық сұрақ". Дәурен Абаев қайда тағайындалғанын айтпай қойды

primeminister.kz
Журналистер Дәурен Абаевқа сұрақтарын қойып үлгерді.

Таратылған Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бұрынғы басшысы Дәурен Абаев министрліктердің қайта құрылуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер Дәурен Абаевқа сұрақтарын қойып үлгерді.

- Сізді ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына мақұлдады ма?

- Басқа сұрақ бар ма?

- Сізге қандай қызмет бұйырды?

- Мен сұрақты бұлай қоймас едім.

- Министрліктің қайта құрылуы туралы не дейсіз?

- Министрлікті қайта құру нақты жағдайға сәйкес жасалады. Қайта құру қажет болды. Мемлекет басшысы жаңа міндеттер жүктеді, сол себепті біздің министрлік қайта құрылатын болды. Бұл шынайы, дұрыс қадам, ол цифрландыру мен ақпарат, қоғамдық даму мәселелерін жаңа деңгейге көтереді.

- Енді сізді кім деп таныстырамыз?

- Қазақстан Республикасының азаматы!

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды