Алматы облысында жоғалып кеткен жас жігіт өлі күйінде табылды

instagram.com
Адам өліміне қатысы бар күдікті ұсталды.

Түсініксіз жағдайда жоғалып кеткен Вакил Мамедов өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Редакцияға келіп түскен ақпарат бойынша, 23 жастағы жас жігіттің денесі ауыл шетінен табылған.

Алматы облысының полициясы да ақпаратты растап отыр.

- Жоғалып кеткен жігіттің денесінен зорлы-зомбылықтың іздері анықталды. Адам өлімі дерегіне қатысты қылмыстық өндіріс басталды. Қылмысқа қатысы бар күдікті тұтқындалып, ол Іле аудандық полиция бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сараптама жұмыстары да белгіленді. Қылмыстың себеп-салдары тергеу барысында анықталатын болады, - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Күні кеше БАҚ-та 22-ақпан күні Чапаев ауылында Вакил Мамедовтың жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Ол үйінен 20 минутқа шығып кетіп, содан қайтып оралмаған. Ал таңертең жігіттің туыстары үй жанынан қан іздерін байқайды. Із үйдің жертөлесіне апарған. Ол жерде суша аққан қан мен бір уыс шаш және Вакилдің құлаққаптары табылады. Редакция қаза тапқан жігіттің туыстарына қайғыра көңіл айтады.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды