Полторанин допинг қолданғанын мойындап, бостандыққа шықты

википедия
Эстониялық спортшылар Андреас Веерпалу мен Карел Таммъярв әлі қамауда. Тергеу жалғасып жатыр.

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин қан допингтін қолданғанын мойындап, полицияға толық түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz РИА Новости және австриялық Kurier басылымдарына сілтеме жасап.

Тура солай бәрін мойындаған австриялық шаңғышылар Макс Хауке мен Доминик Бальдауф та қазақстандық спортшымен бірге бостандыққа шықты.

Эстониялық спортшылар Андреас Веерпалу мен Карел Таммъярв әлі қамауда. Тергеу жалғасып жатыр.

Ал Қазақстанның шаңғы жарысы федерациясы Полтораниннің бостандыққа шыққанын растайтын баспасөз хабарламасын таратты.

Қазір біздің спортшымыз Зеефельд қаласында. Алексейдің денсаулығы жақсы. Қазақстандық спортшының әлем чемпионатының жарыстарына ары қарай қатысуы жөніндегі шешім және болған жағдайдың себеп-салдары туралы кейінірек хабарланады. Қазір біз бұл сұмдықтың аяқталғанына қуаныштымыз, деп хабарлады Қазақстанның шаңғы жарысы федерациясының баспасөз хатшысы Самал Наурызова.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы