Маңғыстау полициясы: Жаңаөзенге кіргізілген әскери күштер туралы ақпарат - жалған

видео кадры
Өңірдің атқарушы билігі тұрғындарды жалған ақпарат таратудың салдарын есткен шығармауды сұрайды.

Әлеуметтік желілерде тараған әскери техника көрсетілген куәгерлер видеосы былтыр түсірілген. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаменті хабарлады деп жазады Zakon.kz Lada басылымына сілтеме жасап.

Әскери тік ұшақтар мен ұшақтар көрсетілген жазба, былтыр, "Батыс-2018" командалық-штабтық стратегиялық оқу-жаттығулар кезінде жасалған.

Облыс әкімдігіндегілер Жаңаөзенге әскери күштердің енгізілуі туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты шындыққа жанаспайды деп отыр.

- Жаңаөзендегі жағдай қалыпты. Қалада жұмыссыз тұрғындарды тіркеуге және бос жұмыс орындарын бөліп беруге арналған бірнеше пунктер ашылды. Сонымен қатар қала тұрғындарын жұмысқа орналастыру шаралары да қарқынды жүрігізіліп жатыр, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өңірдің атқарушы билігі тұрғындарды жалған ақпарат таратудың салдарын есткен шығармауды сұрайды.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды