Пышақтап, көлігін айдап кетті: Ақтауда оқыс оқиға болды

instagram
Mercedes-Benz жүргізушісі испекторлардың талабын орындамай, тоқтамай қойған.

Біреудің Mercedes-Benz көлігін айдап кеткен жүргізуші полициядан қашып келе жатып, көше қиылысында Subaru-ға соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 28 ақпаннан 1 наурызға қараған түні "Акбота" саябағының жанында болды. Оның мән-жайын Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтау қаласындағы полиция басқармасының кезекші бөліміне түнде Маңғыстау облыстық ауруханасына пышақпен жараланған ер адам түскені туралы ақпарат жетті. Кейін анықталғандай, белгісіз біреу жәбірленушіні пышақпен жаралап, оның автокөлігін айдап кеткен.

Жол полициясының қызметкерлері ұрланған көлікті қала аумағынан байқап қалды. Mercedes-Benz жүргізушісі полицияға бағынбай, тоқтамай кеткен.

Қашуды ұйғарған жүргізуші "Акбота" саябағының жанындағы көше қиылысында тұрған бірнеше автокөлікті соғып бірақ тоқтады.

Күдікті қамауға алынды. ҚР ҚК 192 бабы, 2 бөлімі бойынша тергеу басталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді