Ақылы жолдардан бір айда 147 млн теңге түсті

Хабар24
Биыл 4,5 мың шақырым жол қайта жаңартылады.

Еліміздің ақылы жол учаскелерінен жаңа жүйе бойынша бір айдың ішінде 147 млн теңге қаржы жиналды, деп хабарлайды Zakon.kz Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін өткен брифинг барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Министр орынбасарының айтуынша, биыл 4,5 мың шақырым жол қайта жаңартылады. Осылайша алдағы уақытта құрылыс жұмыстарын Қарағандыдан Алматыға және Ақтөбеден көршілес Ресей елінің шекарасына дейін жүргізу көзделген.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР ИИД вице-министрі:

– Шамамыз келгенше ол жолдарды жөндеуге тырысып жатырмыз. Биыл бюджетте 162 млрд теңге қарастырылатын болса, Елбасы тапсырмасынан соң осы сан көбейіп, жылына 200 млрд теңгеден астам қаржы бөлінетін болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды