Удай мас. Алматыда көлік рөліндегі полицей ауыр апат жасады

коллаж
Ол сол күні жұмыстан қуылды.

Желіде жол апатының салдары түсірілген видео тарап, бейнеролик авторы апатқа кінәлі - полиция қызметкері екенін айтқан. Ақпаратты ҚР ІІМ баспасөз қызметі растап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Минситрдің кеңесшісі, ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораздың хабарлауынша, ЖКО 23 ақпан күні Алматыдағы Жансүгіров көшесінде орын алған. Жол апатына Алматы қалалық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметіне қарасты патрульдік полиция полкының полиция қызметкері кінәлі болған.

- Қуанышқа орай, жол апатының нәтижесінде адамдар зардап шеккен жоқ. Кінәлі адам ҚР ӘҚБк 608-бабының 3-тармағына (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік ішімдікке мас күйде басқарып, көлік құралының зардап шегуіне әкеліп соқтыру) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда аталған қызметкер полицияда жұмыс жасамайды, Департамент бастығының бұйрығымен ол 23 ақпан күні ішкі істер органдарынан қуылды, - деді Нұрділдә Ораз.

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды