Роналдудың хет-тригі  "Ювентусты" ширек финалға шығарды

youtube.com
Қатар өткен ойында "Манчестер Сити" немістің "Шалькесін" 7:0 есебімен ұтты.

Туриннің "Ювентусы" мадридтік "Атлетиконы" ұтып, Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Есеп 3:0. "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду хет-трикпен көзге түсті. Ол 27-ші, 49-шы және 86-шы минуттарда доп соқты. Соңғы добын пенальтиден орындады. Осылайша, бірінші кездесуде 2:0 есебімен ұтқан "Атлетико" жарыс жолынан шығып қалды.

Қатар өткен ойында ағылшынның "Манчестер Ситиі" немістің "Шалькесін" 7:0 есебімен тұқыртты. Бірінші кездесуде де ағылшындар 3:2 басым түскен болатын.

Осылайша "Ювентус" пен "Манчестер Сити" ширек финалға жолдама алып алған "Манчестер Юнайтед", "Порту", "Тоттенхэм" және "Аяксқа" қосылды.

Ширек финалдың барлық қатысушылары 13 наурызда белгілі болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды