АҚШ Қырым мәртебесін мойындаудан бас тартты

pxhere.com
Сонымен қатар, Путиннің табысын көрсетуді талап ететін заң жобасы мақұлданды.

АҚШ Конгресі өкілдерінің палатасы антиресейлік саясатты күшейтуге бағытталған бірқатар заң жобаларын мақұлдады. Бұл туралы палата баспасөз қызметінің Twitter-аккаунтына сілтеме жасаған Lenta.ru хабарлайды.

Конгрессмендер Қырымды Ресей территориясы деп тануға тыйым салатын заң қабылдады. Сонымен қатар, РФ президенті Владимир Путиннің табысын ашып, көрсетуді талап ететін заң жобасы мақұлданды. АҚШ Ұлттық барлауының директоры тиісті есепті жарты жылдың ішінде әзірлеуі тиіс.

Палата өкілдері сондай-ақ, барлау агенттігін Ресейдің НАТО елдеріне қарсы әскери әрекеттер жоспарын және АҚШ-тың Шығыс Еуропада орналасуын күшейтуіне байланысты туындауы мүмкін қарымта әрекеттер жоспарын анықтауға міндеттейтін құжатқа дауыс берді. Мекеме Штаттар мен оның одақтастары арасында келіспеушілік тудыру үшін Мәскеу тарапынан пайдаланылуы мүмкін әлсіз тұстарды зерттеп, 90 күннің ішінде есеп ұсынуы тиіс.

Сонымен қатар, конгрессмендер Ресейдің оппозициялық саясаткер Борис Немцовты өлтіруге қатысты мән-жайларды жасырғанын айыптайтын резолюция қабылдады.

Америкалық саясаткерлер Кремльден халықаралық тергеу жүргізуді талап етіп, Ақ үйді Немцовты өлтіруге тапсырыс берушілер мен қылмысты орындаушыларға қарсы санкциялар енгізуге шақырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды