Маңғыстауда кен орнында газды-сулы қоспа атқылады

видео кадры
Тексеріс барысында апаттың себептері мен қоршаған ортаға келтірілген шығының көлемі есептелетін болады.

Қаламқас кен орнындағы ұңғымалардың бірінде газды-сулы қоспа атылды. Маңғыстау экологтары аталған дерекке қатысты тексеріс жүргізеді, деп хабарлайды Zakon.kz lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Маңғыстау обылсы бойынша Экология департаменті бастығының уақытша міндетін атқарушы Руслан Төлеген хабарлап отыр.

Руслан Төлегеновтің ақпаратына сүйенсек, оқиға 13 наурыз күні кешке Қаламқас кен орнындағы ұңғымалардың бірінде орын алған. Кен орнындағы өңдеу жұмыстарымен "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ айналасып жатыр. Ал ұңғыманы бұрғылаумен "Сибу мұнай компаниясы" ЖШС мердігер компаниясы айналасады.

- Нақтыланбаған алдын ала мәлімет бойынша, бұрғылау кезінде су атқылауы орын алған. Тексеріс барысында апаттың себептері мен қоршаған ортаға келтірілген шығының көлемі есептелетін болады. Нәтижелер кейінірек хабарланады, - деді Руслан Төкенов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған