Шымкентте уланғандар саны 40-тан асты

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ
Ауруханаға жеткізілгендердің барлығы қазір үйіне қайтарылған.

Шымкент қаласының № 54 мектебінде иіс тиіп, уланғандар саны 45-ке жеттті. Оның 41-і оқушы екені хабарланды.

Бұл туралы 19 наурызда Тұрмахан Орынбаев атындағы облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығының бас дәрігері Мәдина Ермахамбетоваға сілтеме жасаған Азаттық хабарлайды.

Бас дәрігердің айтуынша, ауруханаға жеткізілгендердің барлығы қазір үйіне қайтарылған. "Ауруханаға түскендердің барлығында уланудың жеңіл түрі болды" дейді ол.

18 наурызда Шымкенттегі №54 мектепте 38 оқушы газдан уланып, ауруханаға жеткізілген.

Сейсенбі, 19 наурызда жергілікті ақпарат агенттіктері Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің оқиғаға қатысты пікірін жариялады. Бекшин "Балалардың басы мен асқазаны ауырған. Оқиға түстен кейін болған. Ол кезде балалардың қарны аш екені де анық. Балалар тамақтанғаннан кейін жағдайлары жақсарған" деген.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, оқушылар жақын маңдағы қосалқы станциядан шыққан газдың иісінен уланған болуы мүмкін. Ол сондай-ақ, сараптама орталығының мамандары жүргізген тексеру барысында қосалқы станция аумағында, ғимараттың іші мен мектепте ешқандай зиянды зат анықтамағанын айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі