Сенат төрайымы қаза тапқан полицейдің отбасына көңіл айтты

24.kz
Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын, – делінеді телеграммада.

ҚР Парламент Сенатының төрайымы Дариға Назарбаева суға батқан әйелді құтқарамын деп өзі көз жұмған полиция қызметкері Шалқар Ағымғалиевтің отабсына көңіл айтып, телеграмма жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құрметті Ақымғалиевтер әулеті! Сіздердің отбасыларыңызға түскен орны толмас қайғыға" ортақтаса отырып, көңіл ай тамыз.

Балаларыңыз, жол-патрульдік қызметінің қызметкері Шалқар Көшкінбайұлы Ақымғалиев басқа адамның өмірін құтқарамын деп өз өмірін қиды, нағыз ерлік көрсетті.

Бұл Қазақстан үшін де орны толмас ауыр қайғы. Мұндай ерлік және азаматтық – басқаларға да, өсіп келе жатқан жастарға да ерекше үлгі. Нағыз Батырды тәрбиелегендеріңіз үшін бас иеміз. Осындай ауыр күнде сіздермен бірге қайғырып, бірге жанымыз егіледі.

Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", – делінеді телеграммада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы