Арал халқы Елбасын шақырады

Акорда
Арал қаласында Тұңғыш Президенттің Елордаға есімі берілуін қолдау форумы өтті.

Арал қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тарихи шешім қабылдауына және Елордаға есімінің берілуіне орай аудан тұрғындарының қатысуымен қолдау форумы өтті.

Форумда ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ардагер-журналист, "Арал ауданының Құрметті азаматы" Шәкірат Дәрмағанбетов Елбасының Аралға келген сапарларының естеліктерімен бөлісіп, Тұңғыш Президентіміздің бастамасымен жүзеге асқан аудандағы игі істерге тоқталды. Елбасының үнемі халықпен бірге екендігін айтып, ұзақ ғұмыр жасауына тілектестігін білдірді.

III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденінің иегері Күлмариям Кемалова:

- Елбасының бастамасымен САРАТС жобасының 1-кезеңі жүзеге асырылды. Арал өңірі тұрғындарының ата кәсібі балық шаруашылығы жылдан жылға жанданып, халықтың әл-ауқаты жақсарып келеді. Мұның бәрі Елбасымыздың қамқорлығының жемісі. Тәуелсіз еліміздің бақытты буыны Тұңғыш Президентімізбен әлі талай мақтанатын болады,- деп ізгі лебізін білдірді.

Екі жыл бұрын Елбасының шақыруымен Елордада болған дарынды жас Нұрсұлтан Жақсыгелдиев Н.Ә.Назарбаевпен кездескен сәтіндегі әсерімен бөлісіп, Тұңғыш Президенттіне ән шашуын арнап, Арал топырағына қонаққа шақырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді