Порошенконың әйелі Семейдің тумасы екен

strana.ua
Журналистер мұны да біліп қойыпты.

Украинаның "Страна" басылымы Украина ІІМ архивінен ел президентінің әйелі Марина Порошенко туралы қызықты фактілерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұрын Марина Порошенко Киевте дүниеге келген деп саналып келген.

Ал ІІМ дерегінше, бұрынғы Украина ССР-і денсаулық сақтау министрі орынбасарының қызы 1962 жылы Семейде дүниеге келген.

Кеңес заманында Семейде ядролық полигон орналасып, ондағы көптеген фабрикалар мен кәсіпорындар КСРО қорғаныс өнеркәсібіне жұмыс істеген. Ал Семейдің өзі жабық қала болатын.

Марина Порошенко туылған жылы қаланың жанында ядролық сынақтар белсенді жүргізілген.

Марина Порошенконың анасы – Людмила Николаевна Переведенцева совет заманында қорғаныс өнеркәсібіне қажетті өнімдер шығаратын Киевтегі "Арсенал" зауытында жұмыс істеген.

Оны ұзақ уақытқа Семейге командировкаға жіберген болуы керек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді