"Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясының төрайымы тағайындалды

Баспасөз қызметі
Бұл қызметке Әсемгүл Балташева жайғасты.

Әсемгүл Балташева "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының төрайымы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалғыз акционер – ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің шешімімен Әсемгүл Балташева "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының төрайымы болып тағайындалды.

Балташева Әсемгүл Серікқызы 1977 жылдың 8 шілдесіне дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік университетін (мамандығы – "бухгалтерлік есеп шаруашылықтағы бақылау және талдау"), Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін (мамандығы – "экономика және менеджмент") тәмамдаған.

1997-2011 жылдар аралығында "Қазақтелеком" АҚ түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2011-2012 жж. "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РММ басқарған. Кейін "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК-да директор орынбасары, бас директор қызметтерін атқарған. 2016 жылы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы құрылған шақта мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі дирекциясына басшылық етті. 2017 жылдың мамыр айынан бастап "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Тоқаев Үкіметке жаңа міндет жүктеді