Көк-Жайлау жобасын кейінге қалдыру шешімі ҚР Президентінің ұсынысымен қабылданған

ernur.kz
Менің ұсынысымның негізінде қабылданған шешімді қолдаймын - деп жазған Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Бауыржан Байбектің Көк-Жайлау жобасын жүзеге асыруды кейінге шегеруді қолдап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл турады ҚР Президенті өзінің twitter-гі парақшасында жазды.

- Алматы әкімі Б. Байбек сарапшылардың бағалауы мен қала тұрғындарының пікірін зерттеу үшін "Көк-Жайлау" тау-шаңғы курортты жобасын кейінге қалдыруды ұсынды. Менің ұсынысымның негізінде қабылданған шешімді қолдаймын. Мұндай маңызды мәследе асығыстық танытуға болмайды, - деп жазған Тоқаев.

8 сәуір күні өткен Қоғамдық кеңестің отырысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Көк-Жайлау құрылысын тоқтата тұру керектігін ұсынған болатын. Ол экономика балансын, әлеумет пен экологиялық мәселелерді ұстануды және асығыстық танытпау керектігін атап өтті.

- Жобаны соңына дейін аяқтап, кейінге қалдыруды ұсынамын. Оның үстіне, сарапшылардың пікірінше, жұмыс істеп тұрған курорттардың дамуына кем дегенде 3-5 жыл уақыт қажет екен, - деді Бауыржан Байбек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады