Президент бүгін кезектен тыс сайлау туралы жариялайды – сарапшы

Википедия
8 сәуірде Ақордада өткен кездесуді бүгін жасалатын мәлімдеменің белгісі ретінде қарастыруға болады, дейді ол.

9 сәуірде сағат 13:00-де ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеу жариялайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экономикалық сарапшы Денис Кривошеевтің пікірінше, Президент кезектен тыс сайлау өткізу туралы мәлімдеме жасамақ.

– Меніңше, билік транзиттік кезеңнің тез аяқталуына мүдделі. Өйткені конституциялық құқықтар бола тұра бір белгісіздік бар, заң жағынан да сұрақтар туындауда. Халық сайлаған президенттің құқықтары Конституция арқылы билікке келген президенттен артығырақ. Сондықтан ҚР Президенті үшін кезектен тыс сайлау туралы бүгін-ақ жария етуіне еш кедергі жоқ. Бұл дұрыс деп ойлаймын. Жазда өңірлерді аралап, халықпен кездесу өткізген ыңғайлы, – деді экономикалық шолушы Денис Кривошеев.

8 сәуірде Ақордада өткен кездесуді бүгін жасалатын мәлімдеменің белгісі ретінде қарастыруға болады, дейді ол.

– Бұл жағдайда отбасылық мұрагерлік емес, эмоционалдық мұрагерлік керек: бұрын айтылған барлық уәделерді келесі президент орындауы тиіс, – деп қосты ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді