Қазаққа бататын мәселе – "сайлау әділ өте ме"

regnum.ru
Ал, енді кім президент болады? Сайлауға кім үміткер болады?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауын жариялауы әлеуметтік желілерде үлкен пікірталас туғызуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналист Болат Мүрсәлім facebook желісінде "Сайлау туралы" заңның біраз тұстарын түсіндіре келе, бар мәселе "сайлау әділ өте ме?" дегенге келіп тірелетінін меңзейді.

– "Сайлау туралы" заң бойынша "Президенттiкке кандидаттарды ұсыну құқығы белгiленген тәртiппен тiркелген республикалық қоғамдық бiрлестiктерге тиесілі болады" (55-бап, 1-тармақ).

Қоғамдық бiрлестiктер осы қоғамдық бiрлестiктiң мүшесi болып табылмайтын адамдарды кандидаттыққа ұсынуға хақылы. Қоғамдық бiрлестiк Президенттiкке бiр ғана кандидат ұсынуға хақылы (55-бап, 3-тармақ).

Ал, "Қоғамдық бірлестіктер туралы" заң бойынша "Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады" (2-бап).

Сондықтан, ЖСДП келіспесе, оппозиция де-юре өзге де ұйым атынан үміткер ұсына алады. Бірақ, мәселе "сайлау әділ өте ме?" дегенде ғой.

Заң баптарын нақтылап, сілтеме көрсеткен Абзал Құспанға рахмет!

Ал, енді кім президент болады? Сайлауға кім үміткер болады, – деген сауал тастайды ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады