Нығматулин: Сайлау өткізу туралы шешім демократиялық кағидаттың көрсеткіші

Мәжілістің Баспасөз қызметі
Президенттік сайлау кезіндегі әрбір азаматтың жүрек қалауы - ол Қазақстанымыздың саяси бағдарының тұрақтылығы мен сабақтастығын қамтамасыз етеді - Мәжіліс спикері.

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин кезектен тыс өткізілгелі отырған президенттік сайлауға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін қабылданған кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім ол - өз уақытында жасалған өте қажетті және өте маңызды қадам екені сөзсіз. Сонымен бірге, ол демократиялық қағидаттарға толықтай жауап бере отырып, шын мәнінде, ел мүддесін қорғауға бағытталған.

Себебі, жалпыхалықтық дауыс беру нәтижесінде сайланған, ел таңдаған Мемлекет Басшысы халықтың сенім мандатына ие болады.

Ал, президенттік сайлау кезіндегі әрбір азаматтың жүрек қалауы - ол Қазақстанымыздың саяси бағдарының тұрақтылығы мен сабақтастығын қамтамасыз етеді.

Осының нәтижесінде, біз, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясын табысты жүзеге асыра отырып, Тұңғыш Президентіміз салған сара жолды одан әрі жалғастыратын боламыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды