"Ақ жол" партиясы сайлауға өз үміткерін шығаруы мүмкін

видеодан кадр
Қазір "Ақ жол" партиясының 250 мыңнан аса мүшесі бар.

"Ақ жол" партиясының сайлауға қатысу-қатыспауы осы апта соңында анықталады. Партия төрағасы Азат Перуашев орталық кеңестің пленумын 13 сәуірде өткізетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Кеңес пленумынан кейін ғана кандидатты ұсыну мәселесі қарастырылады.

Перуашев пленумда әріптестерін кезектен тыс президенттік сайлауға қатысуға шақырмақ. Айта кетейік, қазір "Ақ жол" партиясының 250 мыңнан аса мүшесі бар.

Азат Перуашев, "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы:

- Партияның сайлауға қатысуы мәселелері, партия атынан үміткерлерді шығару мәселелері тек партиямыздың құрылтайының шешімімен ғана қарастырылады. Сондықтан бұл мәселе съездің құзіретінде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты