Қайырымдылықтан түскен 26 000 000 теңге қайда жұмсалды?

Биыл ұйымдастырушылар әлемнің 20 елінен 10 мыңнан астам қатысушы жинауды жоспарлап отыр.

Бұл туралы 10 сәуір күні қалалық әкімдікте кезекті BI Marathon жаппай жүгірісіне арналған баспасөз конференциясында айтылды. Спикерлердің айтуынша, мұндай сома Атырауда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығын ашу үшін жеткілікті болған.

26 мамыр күні BI Marathon осымен төртінші жыл қатарынан өткелі тұр. Марафонға қатысушылардың тіркелуінен түскен жарналары "BI-Жұлдызай" қайырымдылық қорына аударылады. Өткен жылы жүгіруден кейін ұйымдастырушыларға рекордтық 26 миллион теңге жинап, Атырауда Балалардың церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға емдік шаралар көрсететін "Жұлдызай" оңалту орталығы ашылды.

- Өкінішке орай, жыл сайын мүгедектігі бар балалардың саны өсуде, ал елімізде оңалту мәселесі өткір тұр, сондықтан бюджеттен тыс қаражатқа медициналық орталықтар құру - балалардың денсаулығын қорғау мәселелерін шешуде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің үлгісі болып табылады. Біз барша қазақстандықтарды, салауатты өмір салтын ұстануға және осындай қайырымдылық шараларға қатысуға шақырамыз, - дейді BI Group холдингінің сапа жөніндегі директоры Серік Төлебаев.

Биыл ұйымдастырушылар әлемнің 20 елінен 10 мыңнан астам қатысушы жинауды жоспарлап отыр. Марафонның спорт директоры Алексей Сидоренконың айтуынша, астанада трассаның халықаралық сертификациясы таяу шетел спортшыларының қызығушылығын тудырды, өйткені жазықтық аймақ жүгірушілерге қашықтықтағы ең жақсы уақытты көрсетуге мүмкіндік береді.

"BI-Жұлдызай" қайырымдылық қоры 2004 жылы ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету үшін құрылды. BI Group холдингінің қызметкерлері ай сайын жалақыларының бір бөлігін ерікті түрде Қорға аударып тұрады. Осы тұста айта кетейік, "Жұлдызай" медициналық орталығында ем алған 1 жастан 13 жасқа дейінгі 80 бала алғаш рет өздігінен жүре бастаған.

2013 жылдан бастап Нұр-сұлтан қаласындағы перинаталдық орталықтар жанынан 2 медициналық орталық және 2 ерте оңалту кабинеті және Алматы қаласындағы бір орталық жұмыс істеп келеді. Ал Атыраудағы "Жұлдызай" медициналық орталығы BI марафонының қаражатына ашылған, ол мына мекенжай бойынша орналасқан: Алмагүл ш.а., 35 (7 емхана), 3-ші қабат.

Орталық балаларды оңалту бойынша қызметтердің барлық түрін ұсынады: емдік массаж, невропатологтардың бақылауымен физиоемдеу, емдік дене шынықтыру сабақтары. БЦС синдромындағы ЕДШ-ның басты мақсаты – бұлшық ет қозғалысын дамыту. Орталықта логопед, дефектолог және психолог мамандар жұмыс істейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: