Ерлан Қойшыбаев Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Цензор.НЕТ
Ол бұған дейін "Қазақстандық индустрияның даму институты" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Қостанай облысының әкімдігінде бірқатар жаңа тағайындаулар болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аймақ әкімі Архимет Махұмбетовтың орынбасары болып Ерлан Қойшыбаев тағайындалды. Ол бұған дейін "Қазақстандық индустрияның даму институты" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Бұдан бөлек облыс әкімдігінің Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы болып Гүлбарам Масагазина тағайындалды. Ол бұдан алдын Қостанай облысы бойынша Ішкі аудит департаментін басқарған.

Сонымен қатар Василий Цымбалюк облыс білім басқармасының басшысы болып тайғайындалды. Ол бұған дейін Қостанай қаласы білім бөлімінің бастығы қызметінде болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті