ҚР кезектен тыс президенттік сайлауына 9,4 млрд теңге бөлу жоспарлануда

webinfo.kz
Бұл сомадан ОСК 9 347 885 000 теңге бөлінбек.

Қазақстанның кезектен тыс Президеттік сайлауына үкімет 9,4 миллиарда теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы 14 сәуір күні "Ашық НҚА" порталында жарияланған қаулы жоспарында айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

- 2019 жылғы 9 маусым күні өтетін Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президенттік сайлауына Республикалық бюджетте 2019 жылғы кезек күттірмейтін шығындар бойынша қарастырылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 9 404 771 000 (тоғыз миллиард төрт жүз төрт миллион жеті жүз жетпіс бір мың) теңге бөлінсін, - делінген құжатта.

Бұл сомадан ОСК 9 347 885 000 теңге; сыртқы істер министрлігіне 56 886 000 теңге қаржы бөлінбек.

Құжатты талқылау 29 сәуірге дейін созылады.

Бұған дейін ОСК сайлау науқанына 12 млрд теңге бөлуді сұраған болатын, бірақ Қаржы министрлігі бұл соманы қысқартты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды