Қазақстандық бизнесмендердің 1,7 млрд теңге қарызы кешіріледі

Zakon.kz
Сонымен қатар 0,2 млрд теңге айппұл да алынып тасталынбақ.

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смаилов үкімет отырысында салық амнистиясының қалай жүріп жатқанын баяндап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған салық амнистиясының ағымдағы жылдың қаңтар айында басталғанын еске салып өтті.

- Алдын ала мәлімет бойынша, амнистияға түсіп отырған салық төлеушілердің саны 90 мыңнан асып түсті, - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, егер 210,7 млрд теңге көлемін құрайтын негізгі қарыз төленген жағдайда, бизнестен 122,9 млрд теңге көлеміндегі өсім мен 7,3 млрд теңге болатын айыппұл алынып тасталынады.

- Ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағадай бойынша, 34 мыңнан астам салық төлеуші негізгі қарыз болып табылатын 7,6 млрд теңгені төледі. Енді олардың мойынан 1,7 млрд теңге өсім мен 0,2 млрд айппұл алынатын болады, - деді Смаилов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді