Жамбыл облысында туберкулезге шалдыққан науқастардың әлеуметтік жәрдемақылары төленбеген

pixabay.com
Әкімдіктің бір жылдан астам уақыт бойы емделу кезеңінде науқастарға заңнамада көзделген жәрдемақыны толық көлемде төлемегені анықталды.

Шу ауданаралық прокуратурасымен туберкулезбен ауыратындардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органның қызметіне тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде, әкімдікпен бір жылдан астам уақыт бойы емделу кезеңінде науқастарға заңнамада көзделген жәрдемақы толық көлемде төленбегені анықталды.

Мұның себебі, аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 21 желтоқсандағы туберкулезбен ауыратын науқастардың емделу мерзімінде, яғни 1-санаттағылар 6-8 ай және 2 санаттағы 8-10 ай мерзімінде кезеңінде 10 мың теңге көлемінде ақшалай көмек көрсету туралы заңсыз шешімі.

Прокуратураның ұсынуының негізінде мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізіліп, аталған әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 2 есе, яғни 10 мың теңгеден 21,8 мың теңгеге дейін жоғарлатылды, ал әлеуметтік көмек алу мерзімі 12 айға дейін ұзартылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

"Барыс" құрамасының экс-қорғаушысы Жоғары хоккей лигасындағы алғашқы ұпайын жинады