Алматыда II Қазақстан-француз форумы өтті

Баспасөз қызметі
Кез келген демократиялық мемлекет тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерінің ішкі және сыртқы қауіптерден қорғалуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуді мақсат тұтады - Мәми.

Алматы қаласында "Қауіпсіздікті қамтамасыз ету: мемлекеттің және қоғамның рөлі" атты II-ші Қазақстан-француз форумы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Форумның ұйымдастырушылары - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан Институты, Қазақстандағы Француз Республикасының Елшілігі және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры.

Іс-шараға құқық қорғау органдарының басшылары, дипломатиялық корпустың, Қазақстан мен Францияның академиялық және іскер топтарының өкілдері қатысты.

Пленарлық отырыста Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ.Ә. Мәми форумның қатысушыларына құттықтау сөз сөйледі. Оның пікірі бойынша, кез келген демократиялық мемлекет тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерінің ішкі және сыртқы қауіптерден қорғалуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуді мақсат тұтады. Конституция ұлттық қауіпсіздік стратегиясын қалыптастырудың негізгі бастамаларын анықтайды. Конституциялық Кеңестің әлеуеті қауіпсіздікке қатер төндіретін заңдылық пен құқықтық тәртіп деңгейінің төмендеуіне жол бермеуге бағытталған.

Талқылаулар барысында Конституциялық Кеңестің мүшесі В.А. Малиновский "Конституциялық құндылықтар - Қазақстан Республикасындағы конституциялық қауіпсіздіктің негізі" атты тақырыбында баяндама жасады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты