Димаштың концерті үшін Нұр-Сұлтанда "Астана" – "Қайрат" ойыны өтпей қалуы мүмкін

Instagram
Димаштың Нұр-Сұлтандағы концертіне билеттер құны 500 теңгеден басталады.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің концерті футболдан Қазақстан чемпионатының 16-шы турындағы "Астана" мен "Қайрат" арасындағы орталық кездесудің басқа алаңға ауыстырылуына себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Bnews.kz.

Өйткені 29 маусымда "Астана Аренада" Димаш Құдайберген жеке концерт бермек. Сол себепті футбол ойындарын өткізуге арналған арена 12 маусым мен 1 шілдеге дейін жабылмақ. Ал "Астана» – «Қайрат" кездесуі 30 маусымға жоспарланған. Бұл ақпаратты "Астана" футбол клубының баспасөз қызметі растады.

"Қазір команданың сол уақытта қай жерде ойнайтыны қарастырылуда. Қандай шешім қабылданғанын ресми сайтта жариялаймыз", – деп хабарлады Нұр-Сұлтандық клубтың баспасөз хатшысы Дмитрий Нестеренко.

Бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаштың Нұр-Сұлтандағы концертіне билеттер құны 500 теңгеден басталады деген болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз