Тараздың жаңа әкімі тағайындалды. Ол Қайрат Досаев, деп хабарлайды Zakon.kz Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол бұрын Жамбыл облысының Шу ауданының әкімі болған.
Қаланың жаңа әкімін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов таныстырды.
Досаев Қайрат Әскербекұлы 1965 жылы дүниеге келген.
Қазақ ауылшаруашылығы институтын "инженер-механик" мамандығы бойынша бітірген, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін "экономист" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
· "Казсельхозмеханизация" ғылыми-өндірістік бірлестігінің инженері (Алматы қ-сы) (1987-1994);
· "Алтын диірмен" АҚ инженері, "Дешт" ЖШС директоры (1994-1996);
· Алматы Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы бөлімі директорының орынбасары, Алматы қаласы Бостандық ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің сектор меңгерушісі, директордың орынбасары (1996-1998);
· ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік төрағасының көмекшісі (1998-2001);
· Алматы облысы әкімінің көмекшісі, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Алматы облысы Қаратал ауданының әкімі, Алматы облысы табиғи монополия және тарифтер жөніндегі басқарма бастығы, ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрдің кеңесшісі (2001-2007);
· "Мекен" ЖШС директоры, вице-президент, "2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарының Ұйымдастырушы комитеті Атқарушы дирекциясы" АҚ департамент директоры, "Қазспортинвест" АҚ вице-президенті (2007-2014);
· Қордай ауданының әкімі (2014-2017);
· Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі (27.03.2017 бастап).