Ұлттық бюро Ұлттық экономика министрлігі қызметкерлерінің үстінен тергеу жүргізуде

МҚІжСжҚКА баспасөз қызметі
Толық ақпарат әзірге жариялауға жатпайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ҚР Ұлттық экономика министрлігіндегі бірқатар лауазым иелеріне қатысты тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істер және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаменті директоры Арман Бердалин айтты.

– Ұлттық экономика министрлігіндегі бірқатар жекелеген қызметтік тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Бердалин.

Одан өзге ақпарат әзірге жариялауға жатпайды.

Ол тұлғалардың ішінде Ұлттық экономика министрлігіндегі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақұпов бар ма, әзірге белгісіз.

– Мақалада айтылғандай, мені ешқашан ешкім парамен ұстаған емес, өйткені мен пара алған емеспін, алмаймын да! Пара алдым деп те ешқашан ешкімнің алдында мойындаған емеспін! – деп жазды Facebook-те Жақұпов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі