Қазақстанда жаңа автокөліктер барған сайын қымбаттап келеді

irecommend.ru
Жыл басынан бері қазақстандықтар көлік алуға 120 млрд теңге жұмсаған.

Қазақстанда жаңа автокөліктер қымбаттап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz автокөлік саласындағы кәсіпорындардың "КазАвтоПром" одағына сілтеме жасап.

Одақ дерегінше, 2019 жылдың I-ші тоқсанында жаңа автокөліктердің бағасы орта есеппен өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9%-ға қымбаттаған. Шетелдік автокөліктердің орташа бағасы 10,3 млн теңгені құрап отыр.

2019 жылғы қаңтар – мамыр қорытындысы бойынша, көлік алған халықтың 31,1 пайызы құны 5 млн теңгеден аспайтын автокөлікті таңдаған.

Дәл қазір ең арзан автокөліктердің алғашқы бестігіне Қазақстанда құрастырылған Lada Granta (құны 3,1 теңгеден басталады), Lada 4x4 (құны 3,52 млн теңгеден басталады), Ravon Nexia (құны 3,82 млн теңгеден басталады), Renault Logan (құны 3,94 млн теңгеден басталады), Chevrolet Niva (құны 3,99 млн теңгеден басталады) кіріп отыр.

Ал ресми дилерлерде сатылатын ең қымбат жаңа көліктер мынау: Porsche 911 Turbo (61,8 млн теңге), BMW i8 (60,9 млн теңге), BMW 8 серия (50 млн теңге), Audi А7/A8 (49,2 млн теңге) және Mercedes-Benz G-klass (47,1 млн теңге).

Одақтың ақпаратынша, есептік кезеңде қазақстандықтар 120,8 млрд теңгеге 13,2 мың жаңа автокөлік алған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды