Нұр-Сұлтанда баспана алу кезегі неге артқа жылжып кетеді

ИА Диалог
Бұл кезектен алынған азаматтардың сотқа жүгініп, кезектен түсіп қалуымен келіспейтініне байланысты.

Астаналық Тұрғын үй қоры кезекте тұрған азаматтардың кезегі не себепті бірнеше орынға артқа сырғып кететінін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтан әкімдігіндегі баспана қоры жеткізгендей, кезекті реттеу барысында 2018 жылдың тамызынан бері мемлекеттік емес тұрғын үй қорынан баспана алу кезегінде тұруға негізі жойылған 5287 адам анықталып, олар кезектен алынды.

- Көптеген азаматтар байқағандай, олардың кезегі күрт алға жылжып кетті, олар қуанып қалған. Алайда кейде біреулер өз кезегінің екі-үш орынға артқа жылжып кеткеніне шағым айтады. Бұл кезектен алынған азаматтардың сотқа жүгініп, кезектен түсіп қалуымен келіспейтініне байланысты. Сот олардың соңғы бес ішінде баспанасы болғанына қарамастан, кезекке қайта тұрғызып жатыр. Сот шешімін негізге алған әкімдік кезектен алынған азаматты кезектегі бұрынғы өз орнына қояды. Содан келіп, одан кейін тұрған азаматтардың кезегі артқа жылжиды, – деп түсіндірді Тұрғын үй қоры.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді