Қазақстанда валюталық операциялар жүргізу тәртібі қабылданды

texman.ru
Ереже 2019 жылдың 1 шілдеден бастап қолданысқа енеді.

ҚР Ұлттық банкінің басқармасы валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қаулы шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап.

Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қағидалар ҚР заңдарына сәйкес әзірленген және резиденттердің және бейрезиденттердің Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

Қағидалар валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату; банктік шот бойынша қолма-қол шетел валютасын алумен, есепке жатқызумен және пайдаланумен байланысты операцияларды жүргізу тәртібін қамтиды.

Резиденттің міндеттемелерін орындау мақсатында бейрезиденттің шетелдік банктегі шотынан резиденттің валюталық операциясы бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы:

- резиденттің бейрезиденттен алған қаржылай қарызын үшінші тұлғалардың шоттарына аударған;

- өзі тіркелген мемлекеттің заңнамасы бойынша бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға құқығы бар бейрезидент резидентке бағалы қағаздар нарығында қаржылық қызметтер көрсеткен;

- бейрезидент резидентке тапсырма шарты бойынша қызметтер көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.

Есептік нөмірді алу талабы қолданылатын валюталық шарт бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізген кезде резидент төлем құжаттарында осындай шарттың деректемелерін және есептік нөмірін көрсетеді. Келіп түсетін сомаларды идентификаттау мақсатында резидент бейрезидентті өз пайдасына ақша аударуға арналған төлем құжаттарында валюталық шарттың деректемелерін және оның есептік нөмірін көрсету қажеттілігі туралы хабардар етеді.

Есептік нөмірді алу талабы қолданылатын валюталық шарт бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізген кезде уәкілетті банк (оның филиалы) төлем құжатында валюталық шарт деректемелерінің және оның есептік нөмірінің болуын тексереді.

Қағидалармен толығырақ мына жерден таныса аласыздар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі