Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда алда келе жатқан президент сайлауына үміткер ретінде тіркелді. Бұл туралы ОСК хатшысы Сабила Мұстафина хабарлады, деп жазады Zakon.kz тілшісі.
- Қасым-Жомарт Тоқаевті президент сайлауына үміткер ретінде тіркеу үшін қажетті құжаттардың барлығы талапқа сай Орталық сайлау комиссиясына тапсырылды. ҚР президенттігіне үміткер ретінде тіркеуге қажетті құжаттарды ұсынау туралы хаттаманың жобасы әзірленді, - деді брифингте Мұстафина.
Оның айтуынша, аталған хаттамаға сәйкес Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауына Қазақстанның барлық 17 өңірінен 315 910 азаматтың қолы жиналды, олардың 313 653-і дұрыс деп танылды.
- ОСК отырысы өтіп, онда Қ.Ж. Тоқаевты ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы шешім қабылданды. Барлық қажетті процедуралар өткізілді. Қолдауға бағытталған 315 мың қол жиналды. Жалпы алғанда барлық шаралар талапқа сай уақытылы өткізілді. Ендігі кезекте президенттікке үміткер кандидаттың қоғамдық штабы құрылатын болады, - деп сөз жалғады Мәулен Әшімбаев.
Сәуірдің соңында ҚР ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан президентін сайлауға қатысуға қажетті талаптарға сай келіп тұрғандығы жайлы қаулы жариялаған болатын.
Онда, қол жинау рәсімі кандидаттың сенімді адамдарымен жүзеге асырылатыны жайлы айтылған еді. Сенімді адамдарды Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 21 қарашада шығарылған қаулысына сәйкес аймақтардағы сайлау комиссиялары тіркейді.
25 сәуір күні ҚР Конституциялық кеңесі Тоқаевтың сайлауға қатысу мүмкіндігі туралы үндеуіне жауап берген болатын. Кеңес пікірінше, 15 жылдық елде тұру мерзіміне ең алдымен тұлғаның ел аумағында тұрақты тұрып келгені кіреді, ол әдетте азаматтың тұрғылықты мекені бойынша тіркеуде тұрғанымен расталады. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметкерлері мен оған теңестірілген тұлғалардың шетелде өткізген уақыты да бұл мерзімнің ішіне кіреді.