Қасым-Жомарт Тоқаев "Айбалта-2019" оқу-жаттығуларына қатысу үшін полигонға келді

3 мамыр күні Көктал полигонында "Айбалта-2019" белсенді фазасы өтеді.

Алматы облысына іс-сапармен келген ҚР Президенті "Айбалта-2019" ірі ауқымды стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Көктал" оқу-жаттығу полигонының негізігі нысандарын аралап, "Айбалта" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының белсенді фазасының барысын бақылады. Оның маневріне жалып алғанда 8000-ға жуық әскери қызметші және 2000-нан аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника тартылды.

Полигонға келісімен Мемлекет басшысы командалық пункте барып, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және ҰҰА басқару пунктін қарап шықты. Президентке "Айбалта-2019" командалық-штабтық оқу-жаттығуының негізгі кезеңдері мен міндеттері туралы баяндалды. Әскери қызметшілермен кездесе отырып, Мемлекет басшысы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы оқу-жаттығудың сәтті аяқталуымен құттықтады және Қазақстанның қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтеріне табыс тіледі. Содан кейін Мемлекет басшысы өрістетілген далалық лагерьге өтті. Ол жерде "сарбаз ботқасының" дәмін татып, мерзімді қызметтегі сарбаздармен әңгімелесті.

Естеріңізге сала кетсек, "Айбалта" ірі ауқымды стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Алматы облысында ағымдағы жылғы 15 сәуірде басталды. Оқу-жаттығуды өткізу үшін шынайы жауынгерлік іс-қимылдарға жақындатылған және Орта-Азиялық өңірдегі дағдарыстық ахуалдың дамуымен сипатталатын заманауи қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, жағдай жасалды. Оқу-жаттығудың ерекшелігі бөлімшелердің "Көктал" оқу-жаттығу полигонына тән таулы жер жағдайында арнайы әскери іс-қимылдарды орындауы болып табылады.

Оқу-жаттығудың ниеті бойынша Қазақстан аумағына содырлар тобы баса көктеп кірді және таулы жерде тасаланды. "Оңтүстік", "Шығыс", "Астана" өңірлік қолбасшылық әскерлері мен Десанттық-шабуылдау әскерлері құрамдастырылған тәсілмен қозғалып, оқшаулады, ал оқу-жаттығудың белсенді фазасы барысында майдандық және армиялық авиацияның қолдауымен шартты қарсыласты жойды.

Оқу-жаттығу барысында понтонды көпірді өрістету арқылы Іле өзенінің ағыны, жолы қиын жерде тактикалық әуе десантын түсіру, ҰҰА пайдалана отырып, барлауды жүргізу, сондай-ақ әскери-көлік авиациясымен жеткізу және әскерлерді қамтамасыз ету үшін материалдық құралдарды парашюттік тәсілмен түсіру мәселелері пысықталды.

Әскерлерді жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру шеңберінде материалдық-техникалық қамтамасыз етудің біртұтас нысандар кешені өрістетілді. Оның құрамына шаруашылық жабдықталым пункттері, далалық механикаландырылған нан зауыты, далалық оқ-дәрілер мен әскери-техникалық қоймалары, модульді мобильді далалық госпиталь, далалық құю пункттері мен жөндеу шеберханалары, көшіру құралдары бар зақымдалған машиналарды жинау пункттері кірді.

Оқу-жаттығудың негізгі міндеттері әскери басқару органдарының үйлесімділігін жетілдіру, әскерлердің далалық машығын жетілдіру және әскерлерді басқаруда штабтар мен командирлердің тұрақты практикалық машықтарын әзірлеу, қару-жарақ пен әскери техниканың ерекшеліктері мен кемшіліктерін айқындау болғанын айта кетейік.

Қорғаныс министрлігі басшылығының алдын ала баға берулері бойынша оқу-жаттығудың мақсатына қол жеткізілді. Әскерлер жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу тәжірибесі мен практикасын жинақтады, жоғары далалық машықтарын көрсетіп, қойылған тапсырмаларды орындады және ұдайы орналасу пункттеріне жөнелуге қамдануда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: