Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Уәлихан Қалижанды қабылдады

Ақорда
Нұрсұлтан Назарбаевқа Институттың қазіргі ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы айтылды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев академик Серік Қирабаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен белгілі әдебиеттанушы-ғалым Серік Қирабаев төл әдебиетіміздің қазіргі жағдайы мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ, білім және ғылым саласының өзекті мәселелеріне тоқталды, - делінген хабарламада.

Әңгімелесу барысында Серік Қирабаев Нұрсұлтан Назарбаевтың ел Президенті өкілеттігін тоқтату туралы маңызды шешім қабылдағанын атап өтіп, Елбасының алдағы қызметіне табыс тіледі.

Бұдан бөлек, Қазақстанның Тұңғыш Президенті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижанды қабылдады.

Кездесу барысында Уәлихан Қалижан Нұрсұлтан Назарбаевқа институттың қазіргі ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде мәлімдеді.

Елбасы академиктің төл әдебиетіміз бен өнерімізді дамытуға зор еңбек сіңіргенін атап өтіп, Қазақстанды өркендету жолындағы табысты жұмысына алғыс білдірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті