Тоқаев әскери қызметкерлерді Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні мерекелерімен құттықтады

Қорғаныс министріне жаттығудың үздік қатысушыларын марапаттауды тапсырамын - Президент.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметкерлерді алда келе жатқан мерекелермен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол 3 мамыр күні Алматы облысының Көктал полигонында өтіп жатқан "Айбалта-2019" әскери оқу-жаттығулары кезінде сөз сөйледі.

- Сарбаздар мен офицерлер, сіздер өздеріңіздің әскери шеберліктеріңізді, ықтимал қауіп-қатерлерге қалай сәтті қорғаныс таныта алатындықтарыңызды көрсеттіңіздер. Қорғаныс министріне жаттығудың үздік қатысушыларын марапаттауды тапсырамын. Біз бұдан кейін де әскери қызметтің имиджін арттырып, әскери қызметшілерге қолдау көрсетеміз және барлық әлеуметтік мәселелерді бірге шешетін боламыз. Барлықтарыңызды келе жатқан Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймын! Айбынды армиямыз жасасын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы жасасын. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы жасасын! Ура! – деді Президент.

3 мамыр күні Көктал полигонында "Айбалта-2019" стратегиялық командалық-штабтық белсенді фазасы өтті. Оқу-жаттығудың аңызы бойынша Қазақстан аумағына содырлар тобы баса көктеп кірді және таулы жерде тасаланды. "Оңтүстік", "Шығыс", "Астана" өңірлік қолбасшылық әскерлері мен Десанттық-шабуылдау әскерлері құрамдастырылған тәсілмен қозғалып, оқшаулады, ал оқу-жаттығудың белсенді фазасы барысында майдандық және армиялық авиацияның қолдауымен шартты қарсыласты жойды.

"Айбалта" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының белсенді фазасының барысын бақылады. Оның маневріне жалып алғанда 8000-ға жуық әскери қызметші және 2000-нан аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника тартылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: