Алматы облысының полицейлері "Жансүгіров тағылымы" республикалық конференциясына қатысты

Алматы облысы ПД Баспасөз қызметі
Тәртіп сақшылары Алматы қаласы полициясының мұрағатындағы ақын І.Жансүгіровке қатысты 1937 жылы қозғалған қылмыстық іс материалдарын әкелуге және ақын мұражайына табыстауға ықпал еткен.

Қазақ поэзиясының Құлагер ақыны Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойының кең ауқымда атап өтілуіне орай Жетісу өңірінде көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Әдеби кештер, шығармашылық байқаулар, түрлі конкурстар ақын өмірін жастарға таныстыруда. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Соның бірі –мерейтойға арналған "Жансүгіров тағылымы" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. Ақын есімі берілген университетте өткен конференцияға жан-жақтан Ілиястің шығармашылығын, оның өмірін зерттеушілер, студенттер, жалпы әдебиет сүйер қауым жиналды.

Талантына, ізденушілік талаптарына тамсанып, сегіз қырлы азамат ретінде танылғаны туралы баяндамалар жасалды.

Конференцияда баяндама жасау үшін Алматы облысы Полиция департаментінің өкілі полиция полковнигі Жанар Тұрғанбекова арнайы шақырылды.

Айта кету керек, ақын өміріне қатысты құжаттарды іздеуде, ақтаңдақ жылдардың ақиқатын анықтауда облыстық полицейлер І.Жансүгіров атындағы әдеби музеймен нәтижелі жұмыстар жасауда.

Тәртіп сақшылары Алматы қаласы полициясының мұрағатындағы ақын І.Жансүгіровке қатысты 1937 жылы қозғалған қылмыстық іс материалдарын әкелуге және ақын мұражайына табыстауға ықпал еткен.

Сонымен қатар, нәубет жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға қатысты қозғалған қылмыстық істер 2014 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті полицияға табыстағанын және ұрпақтары тарихи құжаттарды алуға болатынын бұған дейін хабарлаған болатын.

Материалдар ішінде Ілиястің төлқұжаты, яғни 1936 жылы Алматы қаласында берілген паспорты және тұтқындалған кездегі фотосуреті көпшіліктің назарына ұсынылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз