Қазақстанда Тенгри деген курорт-қала салу ұсынылды

drive2.ru
Мәдениет және спорт министрлігі бұл ұсынысты талқылауға шығармақ.

Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында Тенгри деген курорт-қала салу туралы ұсыныс жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz LS-ке сілтеме жасап.

Қала үшін 2,6 мың га жер бөлінген. Ол жер телімі 2010 жылы "Жаңа-Іле" туристік орталығының жоспарына енген, бірақ онда сол күйі ештеңе салынбаған болатын.

Мәдениет және спорт министрлігі бұл ұсынысты талқылауға шығармақ. Шенеуніктер арнайы жұмыс тобын құрып, оның құрамына премьер-министрді, түрлі министрліктер мен Алматы облысы билігінің өкілдерін қосуды көздеп отыр.

Бұл жоба – республикалық туристификация картасындағы үздік 10 нысан тізіміне енген Алматы тау кластерінің бір бөлігі.

Жобаны жүзеге асыру туризмді дамытып, өңірдегі туристік индустрияның бәсекелігін арттырады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз