Баландин Champions Swim Series турнирінің екінші кезеңінде қола жүлдегер атанды

ҰОК баспасөз қызметі
Аталған жарыстағы уақыт көрсеткіші оған 2020 Олимпиадаға лицензия алуына мүмкіндік берді.

Будапештте жүзуден әлемдік Champions Swim Series турының екінші кезеңі аяқталды. Қазақстандық Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz ҰОК сілтеме жасап.

Баландин аталған қашықтықты 2:10.73 уақыт көрсеткішінде жүзіп өтіп, үздік үштікке енді. Әлемдік турнирдің бұл кезеңінде ресейлік Антон Чупков тағы да көш бастаған. Оның уақыт көрсеткіші - 2:08.23.

Екінші орында 2:08.61 нәтижесімен жапондық Иппэй Ватанаба. Айта кетелік, тап осы жапондық спортшы 200 метрге брасс әдісімен жүзуден әлемдік рекордтың иегері (2:06.67).

Аралас эстафетада Дмитрий Баландин екінші рет қола медаль иеленді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды