АҚШ соты Қазақстанға қарсы 180 млн доллардың арызын қабылдамады

economic-definition.com
Сот бұл істі АҚШ-тың "Шетелдік тәуелсіз иммунитеттер туралы" заңын негізге ала отырып, юрисдикция болмағандықтан қарауына қабыл алмады.

АҚШ-тағы Колумбия округінің округтік соты америкалық компаниялардың – Turan Petroleum, Inc. (Делавэр штаты), Energyfund, Inc. (Колумбия округы) және Trustees for Trek Resources, Inc. (Невада штаты) ҚР Энергетика министрлігіне қарсы 180 млн доллардан астам көлемдегі талап-арызын қабылдамады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

Талап-арызға сәйкес Арыс және Арал мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану туралы концессиялық келісімшарттар талаптары бұзылған, АҚШ пен Қазақстан арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім ("Екіжақты инвестициялық келісім") бойынша Талапкерлердің құқықтары бұзылған, фидуциарлық міндеттер орындалмаған, әділетсіз түрде пайда табылған, фактілерді бұрмалау және немқұрайлылық орын алған.

Сот бұл істі АҚШ-тың "Шетелдік тәуелсіз иммунитеттер туралы" заңын негізге ала отырып, юрисдикция болмағандықтан қарауына қабыл алмады.

Осылайша, Колумбия округтік сотының (АКШ) шешімі Қазақстан Республикасының осы дауға қатысты ұстанымының дұрыстығын толықтай растады және Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік инвесторларды жан-жақты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының жүргізіп отырған саясатымен үйлеседі.

Осы дауда Қазақстан Республикасының мүдделерін ҚР Әділет министрлігі және ҚР Үкіметінің консультанты - "Reed Smith" компаниясы қорғады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі