Жалған дипломдар қазір шамамен 500 мың теңге тұрады

vlast.kz
Жарты миллионға жалған диплом сатып алған Шемонаиха тұрғыны заңға тартылды.

Шемонаиха тұрғыны бұған дейін қылмыстық топпен ұрлық жасап, жеті жыл жазасын өтеп келген. Енді жалған диплом алып, жаңа өмір бастамақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Шетелге кетіп, жұмысқа орналасқысы келгенімен, ол сатып алған дипломының ШҚО бойынша білім саласындағы бақылау департаменті арқылы тексеруден өтетінін білмеген сыңайлы.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінен сатып алған дипломы оған тек кесірін тигізді.

Шемонаиха аудандық соты күдіктіні кінәлі деп танып, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға шешім шығарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған