Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында жүр

Ақорда
Көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салынады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары жалғасуда. Мемлекет басшысы өңір орталығында жұртшылықпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың Twitter-іне сілтеме жасап.

Президент халықты әлеуметтік қолдау, шетелдік компанияларда жұмыс істейтін қазақстандықтардың мүддесі және аймақтағы жалақыны көтеру туралы айтты.

– Тұңғыш Президент бастамасымен іске қосылған барлық әлеуметтік бағдарламалар толық жүзеге асады және ауқымы кеңейеді. Әлеуметтік саясатты одан әрі тиімді жүзеге асыруға қосымша 2 трлн теңге бөлеміз. Көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салынады.

Азаматтарымыздың еңбек құқығы – қоғамды мазалайтын келесі мәселе. Әсіресе, шетел компанияларында жұмыс істеп жатқан отандастарымыздың мүдделерін қорғау маңызды.

Республикалық деңгеймен салыстырғанда Қызылорда халқының тұрақты табысы әлі де төмен. Мәселені бір күнде немесе бір айда шешу мүмкін емес. Мен мұны түсінемін. Бірақ, жағдайды өзгерту керек. Аймақтағы азаматтардың жалақысын өсіру – Үкімет пен облыс әкімінің басты міндеті, – деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін