Халық Арал тағдырына алаңдайды – Тоқаев

Ақорда
Көкарал бөгетінің төменгі жағын Сырдария ағыны бұзып жатыр. Дереу қолға алмасақ, Кіші Аралдан айырылып қалуымыз мүмкін.

Қызылорда облысында сапармен жүрген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кіші Аралдан айырылып қалмауымыз үшін Үкімет пен әкімдікке шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың Twitter-іне сілтеме жасап.

– Елбасының бастамасы бойынша "Сырдария арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу" жобасы іске асырылуда. Осы жобаның және Көкарал бөгетінің арқасында Кіші Аралдағы су қалпына келді. Мәселелер мұнымен шектелмейді. Көкарал бөгетінің төменгі жағын Сырдария ағыны бұзып жатыр. Дереу қолға алмасақ, Кіші Аралдан айырылып қалуымыз мүмкін. Осы уақытқа дейін жиналған 27 млрд текше метр су зая кетпеуі керек. Үкімет пен әкімдікке шаралар қабылдауды тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі