Бейсенбіде Қазақстанның көп жерінде жаңбыр жауады

gagarinskiymedia.ru
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, кей жерлерде жауын-шашын күтіледі.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, солтүстікте, солтустік-батыста, және онтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, найзағай, тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте шаңды дауыл, батыста – дауыл күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанда, Шығыс Қазақстан облыстараның кей жерлерінде, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай, Қарағанда, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды