Қазақстанда қай президент "главный" – Елбасы Euronews журналисіне не деді

akorda.kz
Президент біреу. Елде екіұдайылық болмайды – Назарбаев

Қазақстанда екіұдайылық болмайды. Бір президент қана бар, сол сайланып, "сол главный болады". Бұл туралы XII Астаналық экономикалық форум барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Біз өткен жылдар бойы халықпен тығыз жұмыс істедік, саясатымыз дұрыс болды. Мен 5 сайлауға қатыстым, ешқашан 85%-дан төмен дауыс алмадым. Тұрақтылық пен өзара түсіністіктің арқасында біздер жетістіктерге жеттік. Бұл сарапшылардың, көрші елдердің бағасы, – деді Назарбаев.

Назарбаев негізі өзінің әлі де президент болып отыра беретін мандаты болғанын еске салды.

– Мен әлі де жұмыс істей алар едім, өз кандидатурамды шығарсам – жалпыхалықтық сайлауда жеңетінім 100% еді. Бірақ өзгерістер керек. Жаңа команда өз ойын, инновациясын енгізе алады деп ойлаймын, – деп атап өтті Елбасы.

Назарбаев қазір елде бірден екі президент жүргеніне байланысты да сөз қозғады.

– Мен бір жайсыздық туғызып отырмын, сіздерге кейде: "алдымен Тұңғыш Президент, сосын барып Президент" деуге тура келіп отыр. Осындай жағдай бар. Мен Қазақстанда екіұдайылық болмайды деп ойлаймын. Бір ғана президент бар, басты адам сол болады. Оны сайлағаннан кейін бәріміз соған жұмыс істейтін боламыз, – деді Назарбаев модератор, Euronews журналисі Штефан Гробенің сұрағына жауап бере отырып.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

Қазақстанның 14 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі: тізімде Астана мен Алматы бар