Халық Қазақстаннан ақырындап көшіп кетіп жатыр

YouTube (видеодан кадр)
Жоғары білімділер Америка, Ресей сияқты елдерге қарай ойысуда.

Жыл сайын Қазақстаннан көшетіндер саны артып барады. LS порталының хабарлауынша, биыл қаңтар-наурыз аралығында 8 мыңнан астам адам елден көшіп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл былтырғы көрсеткіштен 22 пайызға жоғары. Көбі Ресейге қоныс тепкен.

Одан кейін қазақстандықтар Германия, Өзбекстан, Қытай мен АҚШ-та тұруға бел буған. 3 айда 55 адам Америкаға көшіп кеткен.

Ал Қазақстанға қоныс аударғандар көшушілерден әлдеқайда аз. 3 айда 3 мыңнан астам адам келген. Бір жарым мыңдай адам Өзбекстан мен Ресейден көшкен. Түркіменстан, Қытай, Қырғызстан, Монғолиядан қоныс аударған да бар.

Иммигранттардың 500-ге жуығының білімі жоғары болса, Қазақстаннан кеткендердің 2,5 мыңға жуығының білімі жоғары болған екен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты