"Формула-1" үш дүркін чемпионы Ники Лауда қайтыс болды

RusInfo.eu
Ол корольдік жарыстарда 25 рет жеңімпаз атанған.

Австриялық автошабандоз, "Формула-1" жарысының үш дүркін чемпионы Ники Лауда қайтыс болды, деп хабарлайды РБК The Guardian газетіне сілтеме жасап.

1971 жылы Лауда кредит алып, "Формула-2" жарысында өнер көрсететін "Марч" командасынан өзіне орын сатып алған. Кейін ол "Марч" сапында "Формула-1" жарысына да қатысты, а 1974 жылы Ferrari-ден шақырту алды. Тағы бір жылдан кейін тұңғыш рет чемпион атанды.

1976 жылы Германия Гран-приінде Нюрбургринг трассасында Лауда апатқа ұшырады: болид өртеніп, ол ішінде қысылып қалды. Нәтижесінде Лауда көп күйік алып, газдан уланды.

Өрттің салдарынан спортшы оң жақ құлағының жартысынан, шашы мен қасынан айырылды. Кейін қасын пластикалық операция көмегімен жасатты.

Одан кейін пилот тағы екі рет чемпион атанған – 1977 жылы Ferrari командасында және 1984 жылы McLaren сапында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды