Сайлаушылар тізіміне 12 млн-ға жуық қазақстандық енгізілді – ОСК

zakon.kz
25 мамырдан әрбір сайлаушы өзінің тізімде бар-жоғын тексере алады.

Алдағы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауында дауыс берушілер тізіміне 12 млн-ға жуық қазақстандық енгізілді. Бұл туралы ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Азаматтардың тіркелген жерлерінде жасақталған сайлау учаскелерінен әкімдердің қолы қойылған 11 947 995 сайлаушының тізімі берілді, деді баспасөз жиынында Петров.

Оның сөзінше, 25 мамырдан бастап бұл тізімдермен әрбір сайлаушы таныса алады, әркім өзінің тізімде бар-жоғын тексере алады.

– Азаматтар келіп жатса, бұл тізім әлі де өзгеруі мүмкін. Тізімде жоқтар сайлау күніне дейін өздерін тізімге қостыра алады, – деп нақтылады ОСК төрағасының орынбасары.

Ал шетелдегі дауыс берушілер тізімі сайлау күні жақындағанда жасалады.

– Шетелдегілер үшін сайлаушылар тізімі сайлауға бес күн қалғанда жасалады. Шет елдерде 560 участок бар, ондағы тізімдер әлі жасалмады, – деді Петров.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Көлік министрлігі ақпараттық жүйені пайдалануды 2027 жылғы 1 маусымға дейін тоқтатты

Қазақстанда әскери есепке алу ережелері өзгерді

"Қорғас" ШЫХО кіру және шығу үшін қандай құжаттар қажет: Қазақстан азаматтары үшін маңызды ақпарат

Білім беру гранттарының конкурсы: абитуринеттер қандай құжаттар тапсыру керек