Президент Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасарларымен кездесті

Ақорда
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының міндеттері мен мақсаттарын құрметтейді - ҚР Президенті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасарлары Атул Харемен және Жан-Пьер Лакруамен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордааға сілтеме жасап.

Кездесу барысында бейбітшілікті қамтамасыз ету ісіндегі Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қауіпсіздік және ықпалдастық мәселелері қарастырылды.

– Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының міндеттері мен мақсаттарын құрметтейді. Біз БҰҰ Бас хатшысы ұсынған реформаларды, соның ішінде бітімгерлік миссияларды қолдаймыз. Біз бітімгерлік қызметтің тиімділігін арттыру үшін ынтымақтастық орнатуға дайынбыз. Өкінішке қарай, қазіргі әлем өте құбылмалы болып тұр. Сондықтан, біздің бірлескен қызметіміз жер шарын мейлінше тұрақты әрі қауіпсіз етеді деп үміттенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Атул Харе БҰҰ аясындағы бітімгерлік операцияларға қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға алғыс білдірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз