Кандидаттардың теледебаты бүгін өтетін болды

Toppress.kz
ОСК пікірінше, дебат кемінде 80 минутқа созылады.

Бүгін, 29 мамырда, сағат 18.00-де Президентке үміткерлердің теледебаты өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталық сайлау комиссиясының регламентімен теледебат пен сөз сайыстыру үш раундқа бөлінген.

Бірінші раунд екі турдан тұрады. Алдымен әрбір қатысушы өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырады.

Екінші турда қатысушылар өзара "сұрақ-жауап" сессиясын өткізеді. Қатысушылар қарсыластарына екі сұрақтан қоя алады, екі сұраққа ғана жауап береді.

Екінші раундтың тақырыбы "Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы". Оның бірінші турында әрбір қатысушы берілген тақырыпта сөз сөйлейді. Екінші турда жүргізуші барлық қатысушыға бір сұрақ қояды.

Үшінші, соңғы раундта кандидаттар өз сайлаушыларына сөз арнайды.

ОСК пікірінше, дебат кемінде 80 минутқа созылады.

Дебатты телевизияға түсіру "Қазмедиа орталығы" кешенінің павильонында ұйымдастырылады. Жүргізушілері – танымал тележүргізушілер Ерлан Игисинов пен Қымбат Досжан. Тікелей эфирді "Хабар" телеарнасы жүргізеді. Zakon.kz сайты мәтін түрінде трансляция жүргізеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті